«Тұранның» қорғаушысы Қасым Таипов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында OLIMPBET-Қазақстан чемпионаты аясында «Тобылға» қарсы өткен матч жайлы пікірін білдірді.
— «Тобылға» қарсы матчтан қандай әсер қалды? Ойыныңа көңілің тола ма?
— Тек нашар әсер қалды... Жоқ, әлі жұмыс істеп, осы ойында болған қателіктерді түзеу қажет.
— Сенің соққан голың түсініксіз болды. Гол таза соғылды деп санайсың ба?
— Меніңше, гол таза соғылды. Бұл менің саналмаған екінші голым. Екі жағдай да төрешілердің шешімі даулы.
— Келесі екі ойынды өз алаңымызда өткіземіз. Оған мақсат қойып отырсыздар?
— Тек жеңіс! Басқа нәтиже болуы мүмкін емес!
— Команда маусымды әлсіз бастады. Осы жайлы жанкүйерлерге айтарыңыз бар ма?
— Жанкүйерлерге команда атынан көп рахмет айтқым келеді! Біз олардың қолдауы мен уайымын сеземіз. Құдай қаласа, жеңістер әлі алда. Жанкүйерлерді қуанту үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз! Бізге сіздің қолдауыңыз қажет!