Футзалдан Еуропа чемпионатының аясында өтетін Италияға қарсы матчқа Қазақстан құрамасының қос ойыншысы қатыса алмайды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.
«УЕФА тәртіптік-бақылау комитетінің шешімімен Қазақстан құрамасының ойыншы Альберт Ақбалықов Словениямен өткен кездесуде қызыл қағаз алғаны үшін екі ойынға шеттетілді. Шабуылшы Финляндиямен өткен ойынға қатысқан жоқ. Енді Италиямен өтетін кездесуде алаңға шыға алмайды.
Өкінішке қарай, шешуші ойында ұлттық құрамаға Шыңғыс Есенаманов та көмектесе алмайды. Ойыншының қайта тапсырған сынағы оң нәтиже көрсетті. Жарыс ережесіне сәйкес, ойыншы бір апта (31 қаңтарға дейін) каратинде болады», — делінген ҚФФ жазбасында.