Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Futsalplanet Awards үш номинациясы да өзгенің еншісінде кетті

Читать полностью

Futsalplanet.com порталы Futsalplanet Awards 2021 жүлдесінің жеңімпаздарын жариялады.

Ерлер арасындағы үздік қақпашы атағына ұсынылған қазақстандық голкипер Игита 286 ұпаймен екінші орынға тұрақтады. Ал бразилиялық Тиаго Мендеш Роша (Гитта) 299 ұпаймен үздік деп танылды.

«Үздік ерлер құрамасы» номинациясында да жолымыз болмады. Португалия (416) мен Аргентина (349) алдымызды орап кетті. Құрамамыз 171 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.

Сонымен қатар «Ерлер құрамасының үздік бапкері» номинациясында да өкіліміз болды. Бірақ, өкінішке орай, бұл атақ та бұйырмады. Португалия құрамасының бас бапкері Хорхе Гомес 386 ұпаймен көш бастаса, Рауль Матиас (Аргентина) 300 ұпаймен екінші атанып, біздің Рикардо Какамыз 193 ұпаймен үздік үштікті қорытындылады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+