Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің үшінші айналымына шықты

Читать полностью

Қазақстанның бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты.

Жарыстың (жүлде қоры – 8,4 млн АҚШ доллары) 17-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші доданы екінші айналымнан бастап, дүниежүзілік рейтингте 58-орында тұрған бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен кездесті.

Рыбакина сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қарсыласынан 6:1, 7:5 есебімен басым түсті. Қазақстандық теннисші 3 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Елена үшінші айналымда әлемнің 17-ракеткасы, осы турнирдің өткен жылғы финалисі, Беларусь өкілі Виктория Азаренко немесе рейтингте 96-орындағы аустралиялық Астра Шарманың біреуімен шеберлік байқасады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+