Алматылық «Қайрат» Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында беларусьтік «Рух» клубымен кездесіп, жауапсыз екі гол жіберіп, 0:2 есебімен есе жіберді.
Бұл оңтүстік астаналықтардың оқу-жаттығу жиындары барысында өткізген төртінші жолдастық кездесуі. Өкінішке орай, «Қайрат» төрт ойында да қарсыластарынан айласын асыра алмады.
«Қайраттың» құрамы: Покатилов, Миканович, Әліп, Поляков, Кейлер, Гуральский, Косович, Үсенов, Әліқұлов, Мамба, Вагнер Лав.
«Қайрат» (Қазақстан) – «Рух» (Беларусь) – 0:2
Голдар: Черноок 57’, Садовский 89’.