Әлемдік рейтингте 180-орында тұрған қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Бендигода «Челленджер» сериясындағы турнирдің үшінші айналымына шықты.
Ол 233-орында тұрған босниялық Мирза Башичті 6:2, 6:3 есебімен жеңді. Матч 1 сағат, 15 минутқа созылды.
Дмитрий Попконың келесі қарсыласы италиялық Флавио Коболли болады.