УЕФА ұйымы Чемпиондар лигасының осы маусымдағы финалының Санкт-Петербургтен Парижге ауыстырылғанын хабарлады. Турнирдің шешуші матчы Париж қаласындағы «Стад де Франс» стадионында өтеді.
«Еуропадағы жағдайдың күрт шиеленісуіне және қауіпсіздіктің қамтамасыз етілмеуіне байланысты бүгін УЕФА Атқарушы комитетінің кезектен тыс отырысы өтті.
УЕФА Атқару комитеті Чемпиондар лигасының 2021/2022 жылғы финалын Санкт-Петербургтен Сент-Денидегі «Стад де Франс» стадионына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Ойын жоспарланғандай 28 мамырда өтеді.
УЕФА Франция президенті Эммануэль Макронға бұрын-соңды болмаған дағдарыс кезінде Еуропадағы футболдың ең беделді ойынын Францияда өткізуге мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіреді», - деп жазды ұйымның баспасөз қызметі.