Футболдан Ресей Премьер-лигасының 20-туры аясында өткен «Ахмат» пен «Рубин» арасындағы ойында қонақтар жеңіске жетті.
Грозныйда өткен матч 1:2 есебімен «Рубиннің» пайдасына шешілді.
РПЛ. 20-тур
«Ахмат» — «Рубин» 1:2
Голдар: Уткин (3) — Лисакович (50), Дрейер (90+1)
«Ахмат» сапында өнер көрсететін Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Марат Быстров негізгі құрамда алаңға шығып, толық матч өткізді. Сонымен қатар Быстровтың мансабында орталық қорғаушы ретінде екінші мәрте ғана ойнағанын айта кеткен жөн.