Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық жұп төртінші айналымда сальвадорлық Марсело Аревало – нидерландылық Матве Мидделкоппен күш сынасты. Тартысты өткен бірінші партияда А.Бублик пен А.Голубев тай-брейкте басымдылық көрсетті – 7:6 (7:4). Екінші сетте қарсыластары дәл солай жауап қайырды – 7:6 (7:3). Үшінші сетте де олардың жолы болды – 6:3. Бәсеке 2 сағат 22 минутқа созылды.