Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Австралия Ашық чемпионатының (Australian Open) үшінші айналымына жолдама алды.
Екінші айналымда олар жұптық сын бойынша әлемдік рейтингте бірінші және екінші орында тұрған колумбиялық Роберт Фара мен Хуан Себастьяна Кабальдан (6:4, 6:4) басым түсті. Матч 1 сағат 12 минутқа жалғасты. Александр - Андрей жұбы бес эйс жасаса, қарсыластар бір де бір эйс жасай алмады. Доп беру кезінде қателіктер орын алмады.
Келесі кезеңде 14 ақпанда қазақстандықтар Марсело Аревало (Сальвадор) мен Матве Мидделкопқа (Нидерланды) қарсы ойнайды.