Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Бублик Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

Читать полностью

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (35) Францияда өтіп жатқан Open Sud De France Montpellier ATP 250 турнирінің 1/8 финалынан сүрінбей өтті.

Бублик 1 сағат 58 минутқа жалғасқан кездесуде 11 эйс жасап, бес мәрте қос қателікке жол беріп, мүмкін болған 14 брейкпойнттың алтауын іске асырып, франциялық Пьер-Юг Эрберді (113) тізе бүктірді.

Александр Бублик (Қазақстан) — Пьер-Юг Эрбер (Франция) — 2:1 (6:3, 6:7 (2:7), 6:2)

Естеріңізге сала кетсек, дәл осы Эрбер қазақстандық Михаил Кукушкинді аталған турнир іріктеу кезеңінің финалында жеңген еді.

Бублик ширек финалда испаниялық Роберто Баутиста-Агутпен (19) күш сынасады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+