Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open-2021 додасының екінші айналымында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (45) сербиялық Душан Лайовичке (27) жеңіліп қалды.
3 сағат 5 минутқа созылған текетіресте отандасымыз он бірдей қос қателік жіберіп, 20 брейкпойнттың үшеуін ғана пайдаланып, жарыс жолынан шығып қалды.
Александр алғашқы кезеңде словениялық Альяж Беденені (57) 3:1 есебімен тізе бүктірген еді.
Александр Бублик (Қазақстан) – Душан Лайович (Сербия) – 1:3 (4:6, 6:7, 6:4, 3:6).