Британдық боксшы Тайран Маккенна (21-2-1) Жанқош Тұраровпен болатын жекпе-жегін асыға күтіп жүр. Бұл туралы ол vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтқан болатын.
10 раундқа жоспарланған бірінші орта салмақтағы жұдырықтасу 12 наурызда Дубайда өтеді.
Маккена: "Мен жекпе-жекті тағатсыздана күтудемін. Маған мұндай қызықты әрі қиын жекпе-жектер ұнайды. Мен оны біраздан бері бақылап жүрмін, оның өзін кім санап жүргенін білемін. Ол соққысы мықты, өте қауіпті боксшы. Оның осыған дейінгі жеткен жетістіктері жаман емес, алайда бәрі өзіме байланысты. Оның қимыл-әрекеттерін саралап, әлсіз тұстарын байқадым. Соларды пайдалануға тырысатын боламын.
Менің біршама жоғары дәрежелі жекпе-жектер өткізгендіктен тәжірибем мол. Бұл өте маңызды фактор деп білемін. Әрі менің қарсыласым біраздан бері рингке шықпаған. Бұл жағынан да басымдық менде. Мен өз күшіме сенемін", - деп сөзін түйіндеді.
Жанқош Тұраров соңғы жекпе-жегін 2019 жылы шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында өткізген. Қазақстандық боксшы ол кеште Аргентина боксшысы Максимилиано Годойды нокаутқа жіберіп, WBO Inter-Continental тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуді жеңіп алған еді.