29 жасар бразилиялық шабуылшы Данило Алмейда Алвес бір жылдан соң Қазақстан чемпионатына қайта оралды, деп хабарлайды инсайдер Айдын Қожахмет.
Данило петропавлдық «Қызылжар» клубымен келісімшартқа отырған. Осыған дейін кореялық «Сувон» клубында доп тепті. Ал 2019 жылы көкшетаулық «Оқжетпестің» намысын қорғап, 26 ойында алты мәрте қарсылас қақпасын дәл көздесе, бес рет нәтижелі пас берген.
Естеріңізге сала кетсек, «Қызылжар» жақында тағы бір «Оқжетпестің» экс-жартылай қорғаушысы Дарко Зоричті ресми түрде қатарына қосқан еді.