Қазақстандық боксшылар ақпан айында екі халықаралық жарысқа қатысады. Бұл туралы команда бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
«Ақпан айында оқу-жаттығу жиындары өтеді. Ал 15 ақпаннан бастап біздегі жарыстар тізбегі басталады. Бір құрамды Бішкекте өтетін халықаралық турнирге жібереміз, ал екінші құрам Болгариядағы дәстүрлі «Странджа» турниріне қатысады. Әзірге елдегі төтенше жағдайға байланысты команда жиналған жоқ», — деді Қайрат Сәтжанов.
Еске сала кетейік, осыған дейін қазақстандық боксшылардың Ташкенттегі жастар арасындағы Азия чемпионатына қатыспайтыны белгілі болған еді.