Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Бокстан Ұлттық құрама мүшесі кәсіпқой боксқа ауысты

Читать полностью

Бокстан Қазақстан құрамасының белді мүшесі 75 келі салмақта сынға түсіп жүрген Әбілхан Аманқұл кәсіпқой боксқа ауысты.

Қаңтар айында Аманқұл Нұр-Сұлтан қаласында Suleimen Promotion промоутерлік компаниясының боксшыларымен бірге жаттыққан болатын.

Бүгін аталған промоутерлік компания өзінің Instagram желісінде Аманқұлдың өздерімен келісімшартқа отырғанын жария етті.

«Команда құрамына Әбілхан Аманқұлдың келгенің ресми түрде хабарлаймыз. Әбілханға алдағы кәсіпқой бокста тек сәттілік пен жеңістер тілейміз», - делінген жазбада

Әбілхан Аманқұл - 2017 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді. Сонымен қатар, ол Азия ойындарының (2018) күміс және Азия чемпионатының (2017) қола жүлдесін жеңген. Одан бөлек, Жамбыл облысының тумасы үш рет (2016, 2018, 2020) Қазақстан чемпионы атағына қол жеткізген.

Осы орайда айта кетейік, осыған дейін бокстан Ұлттық құраманың капитаны Абылайхан Жүсіпов та кәсіпқой боксқа ауысқан болатын. Оның орнына команда капитаны болып Асланбек Шымбергенов тағайындалған еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+