Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Еуропа чемпионатының 1/4 финалында Украинамен болған ойын (3:5) туралы пікір білдірді:
— Біздің арманымыз орындалмады. Жартылай финалға шығу арманымыз еді. Ойынды саралау арқылы сабақ шығарамыз. Нәтижеге жауапкершілікті толықтай өз мойныма аламын.