Қазақстандық Біржан Оразов футзалдан Еуро-2022 турнирінің үздік сұрмергені атанды.
Қазақстан құрамасының ойыншысы додада жеті гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Қазақстан құрамасы ширек финалда Украинадан жеңіліп, турнирде төрт-ақ матч ойнағанын да айта кеткен жөн.
Ал ресейліктер Артем Антошкин (бес ассист), Иван Чишкала (бір ассист) және Антон Соколов бес голдан соқты.
Естеріңізге сала кетейік, финалда Португалия құрамасы Ресейді 4:2 есебімен жеңіп, қатанынан екінші Еуропа чемпионатында топ жарды. Ал үшінші орын үшін өткен матчта Испания Украинаны 4:1 есебімен сенімдә түрде тізе бүктірді.