Бейжің Олимпиадасына қатысып жатқан қазақстандық спортшылар бүгін, 5 ақпанда спорттың 5 түрінен сайысқа түседі.
Қазақстандық спортшылар трамплиннен секіру, шаңғы жарысы, конькимен жүгіру, могул, шорт-трек секілді сайыс түрлерінен жарыс жолына шығады.
Бүгінгі алаңда бақ сынайтындар арасында Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында еліміз Туын ұстап шыққан шорт-трек шебері Абзал Әжіғалиев және Денис Никиш, могулдан Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков сынды үміт күткен жастар бар.
Бейжің Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың қатысуымен өтетін 5 ақпан күнгі жарыс кестесі:
12:20. Трамплиннен секіру. Ерлер. Іріктеу Сергей Ткаченко, Данил Васильев
13:45. Шаңғы жарысы. Скиатлон. 15 км. Әйелдер. Финал Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Валерия Тюленева 14:30.
14.30. Конькимен жүгіру спорты. 3000 м. Әйелдер. Финал. Надежда Морозова
16:00. Могул. Ерлер. 2-іріктеу. Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков
17:30. Финал
17:00. Шорт-трек. 1000 м. Ерлер. Іріктеу. Әділ Ғалиахметов
18:00. Шорт-трек. Аралас эстафета. Іріктеу. Жартылай финал, финал. Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан