10 ақпан күні Бейжің Олимпиадасында қазақстандықтар спорттың 2 түрінен сынға түседі.
Атап айтсақ, бүгін қазақстандық спортшылар әйелдер арасындағы шаңғы жарысынан 10 шақырымдық классикалық стильде сынға түссе, фристайлдан Жанбота Алдабергенова бастаған спортшыларымыз жарыс көркін қыздырмақ.
10 ақпандағы жарыс кестесі
Шаңғы жарысы:
Классикалық стильде 10 шақырымға жарыс - әйелдер,
Валерия Тюленева, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Надежда Степашкина
Басталуы: 13:00.
Фристайл
Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмырзаева мен Шерзод Хаширбаев
17:00. Шаңғы акробатикасы. Аралас командалар. Бірінші финал
17:50. Шаңғы акробатикасы. Аралас командалар. Екінші финал