30 жасар белорустық қорғаушы Илья Колпачук талдықорғандық «Жетысу» командасына қосылды, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.
Березовск балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Илья Колпачук футболдық мансабын 2010 жылы «Динамо» Брест футбол клубында бастаған. Сонымен қатар пинскілік «Волна», «Гомель», «Гранит» және «Городея» командаларында ойнаған.
2017-2018 жылдар аралығында литвалық «Атлантас» және «Жальгирис» командаларының жейдесінде ойнады. Ойыншы соңғы маусымды бресттік «Рух» сапында өткізді.
Қорғаушының трансферлік құны 150 мың евроға бағаланады.