Бүгін қызылордалық «Қайсардың» оқу-жаттығу жиынына Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қатысып, футболшылардың біліктілігін байқады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
«Жалпы құраманың бапкерлік құрамы Түркиядағы ел клубтарының жаттығу алаңына келіп, футболшылардың физикалық әлеуетін байқап, мәліметтер базасына енгізуде. Шараның аясында ойыншылардың жылдамдықтары мен төзімділіктері сынға түсті. Талғат Маруаұлы қасқырлар сапында қиындықтың жоқтығын айтып, тест нәтижесі сәтті болғанын жеткізді», – дейді баспасөз қызметі.