Рунет выбирает
77
79
75
76
80

«Бавария» Чемпиондар лигасынан ұшып кетіп, Бензема тағы да «Реалды» құтқарды

Читать полностью

УЕФА Чемпиондар лигасының кезекті ширек финалдық ойындары өтіп, жартылай финалға шыққан алғашқы екі команда белгілі болды.

«Вильярреал» сырт алаңда «Бавариямен» тең (1:1) түсіп, қос матч қорытындысы (1:2) бойынша жартылай финалға жолдама алып, сенсация жасады.

Испаниялық клуб жартылай финалда «Бенфика» – «Ливерпуль» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ал Мадридтегі ойынның тағдыры негізгі уақытта шешілмей, экстра тайм қажет болды. «Челси» 0:3 жеңіп жатқан жерінен басымдықты қолда ұстап тұра алмады. «Реал» негізгі уақыт аяқталмай, бір гол соғып, кездесуді қосыша уақытқа жіберіп, Кәрім Бензема алғашқы қосымша таймда мергендігімен көзге түсіп, мадридтіктер екі матчтың қорытындысы (5:4) бойынша 1/2 финалдың жолдамасына ие болды.

«Реал» финалдық жолдамаға «Атлетико» – «Манчестер Сити» жұбының жеңімпазымен таласады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+