Елордалық «Барыстың» Құрлық хоккей лигасы (ҚХЛ) плей-офф кезеңіндегі алғашқы қарсыласы анықталды.
ҚХЛ-дың ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, 2021-2022 жылғы тұрақты чемпионаттың қалған матчтарын өткізбеу жөнінде шешім қабылданған екен.
Плей-офф жұптары командалардың жинаған ұпайларының пайызына сәйкес белгіленді. Әр конференциядан қазіргі кезде үздік тұрған сегіз команда жолдама алды.
Батыс конференциясы:
СКА – «Динамо» Минск
«Йокерит» — «Спартак»
ЦСКА — «Локомотив»
«Динамо» М — «Северсталь».
Шығыс конференциясы:
«Металлург» — «Барыс»
«Трактор» — «Нефтехимик»
«Ак Барс» — «Авангард»
«Салават Юлаев» — «Сибирь».
Плей-офф бәсекелері 1 наурызда басталады.