Қостанайлық «Тобылдың» бас бапкері Григорий Бабаян қаржылық қиындықтар жайлы тілге тиек етті:
«Бірқатар футболшылардың командадан кетіп қалғаны белгілі. Қазақстанда футболға бөлінетін қаржының қысқартылғаны мәлім. Сол себепті бірқатар командалар кадр жағынан қиындыққа тап болды. Соңғы үш жыл ішінде командаға тірек болып, ойын құраушы факторға ие болған жігіттер басқа клубтарға ауысты. Әсіресе ойын жүйесінде өте маңызды рөл атқаратын орталық шеп ойсырап қалды. Біз Қазақстанның намысын Конференция лигасында қорғайтынымызды ұмытпауымыз керек. Сондықтан бізге сапалы ойыншылар қажет. Ал қазір жақсы футболшыны сатып алу өте қиын, өйткені қаржылық мүмкіндіктеріміз кедергі келтіреді», – деді Бабаян клубтың баспасөз қызметіне.