Рунет выбирает
77
79
75
76
80

«Бұл Олимпиада маған үлкен тәжірибе сыйлады». Әділ Ғалиахметов финалдан соң сұхбат берді

Читать полностью

Шорт-тректен 1500 метрге жүгіруден Бейжің Олимпиадасының финалында өнер көрсеткен Әділ Ғалиахметов жарыстан соң Olympic.kz тілшісіне сұхбат берді. Спортшы өзінің тұңғыш Олимпиадасында финалға шыққанын үлкен жетістікке балап, алдағы ірі жарыстарда шеберлігін шыңдай түсетінін айтты.

«Осы Олимпиадаға қатысып, финалға шыққаным үшін ерекше қуаныштымын. Себебі, бұл менің алғашқы Олимпиадам. Сондықтан, кіл мықтылармен бірге жүлдеге таласу үлкен тәжірибе болғаны анық. Финалдың соңына қарай күш жетпей қалды. Мойындау керек. Енді келесі Олимпиадаға дейін тәжірибемді арттырып, талай әлемдік сындарға қатысып, жүлде алуға тырысамын. Бұл нәтижені өзім сеніммен алға басқан қадамым деп есептеймін.  Бір қызығы, биылғы маусымда екі рет финалға шықтым. Екеуінде де Бейжің айдынында өнер көрсеттім. Әлем кубогінде күміс алып едім, бұл жолы жүлде бұйырмады. Десе де, маған үлкен сенім сыйлаған жарыс болды. Финалдағы қарсыластарымның барлығын бала күнімнен білемін. Олардың жарысқан сәтін теледидар көріп өскенмін. Ал Семен Елистратов менің кумирім еді. Шорт-тректің нағыз шеберлерімен финалда өнер көрсету  - мен үшін үлкен абырой. Биылғы маусымнан бастап ірі халықаралық жарыстарға жиі қатысып, нәтиже көрсете бастағаным өзіме сенім сыйлады.  Осы орайда, бізді үнемі алға жетелейтін бапкеріміз Мәдіғали Қарсыбековке, сервисшіміз Аслан Даумовқа, дәрігер, массажшы, психологтарға рахмет. 1000 метрлік жарыстан кейін өз-өзіме келе алмай, іштей мүжіліп кеттім. Сол кезде команда психологының көмегі көп болды. Маған сенім сыйлап, жігер беріп, тұңғиықтан алып шықты. Бізге жанкүйер болған барша қауымға алғысымды айтамын», - деді Әділ.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Теги:
Рейтинг: 5
Реклама 21+