Волгоградтық «Ротор» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы алғашқы жолдастық кездесуін өткізді.
Ресейлік клуб болгариялық «Хебар» командасымен кездесіп, 4:2 есебімен жеңіске жетті. Сол төрт голдың үшеуін Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин соғып, хет-трик жасады. Ал тағы бір голды Камиль Муллин өз атына жазды.