Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева ITF25 Navi Mumbai халықаралық турнирінің жұптық сайысында жеңіске жетті, деп хабарлайды Meta-ratings.kz тілшісі.
Жарыстың финалында Жібек Құламбаева серіктесі латвиялық Диана Марцинкевицамен бірге қазақстандық Анна Данилина мен украиналық Валерия Страхованы жеңді.
Ақтық кездесу үш сетке жалғасты, бастапқы сетте Жібек пен Диана - 6:3 есебімен жеңіске жетті, бірақ ойынның екінші бөлігінде 4:6 есебімен қарсыластарына есе жіберді. Ал, тай-брейкте олар өз басымдықтарын көрсетіп, 10:6 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, ITF жарысында Жібек Құламбаева мен Диана Марцинкевица маусымдағы алғашқы титулды жеңіп алды.