Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев үндістандық спортшы Адил Калянпурды 6:2, 6:4 есебімен жеңді.
Бейбіт жартылай финалда швециялық Драгос Николае Мадарашпен ойнайды. Ойын 1 қаңтар күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18:00-де басталады.
Тағы бір жартылай финалда чехиялық теннисшілер Мартин Крумич пен Доминик Палан кездеседі.