Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Қазақстандық теннисші Еуропа чемпиондар кестесінде қайта көш бастады

Читать полностью

Tennis Europe (TE) ұйымы биыл күзде 14 жасқа дейінгілер арасында Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің (чемпиондық кесте) жаңартылған рейтингісін жария етті.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Заңғар Нұрланұлы аталмыш рейтингте 445 ұпаймен қайта көш бастады.

Заңғар бұған өткен аптада Парижде Tennis Europe сериясы бойынша ұйымдастырылған жарыста жеңімпаз атануы нәтижесінде қол жеткізді. Турнир барысында жас қазақстандық теннисші Аустрия, Ресей және Франция елдерінің бірінші ракеткаларын қапы қалдырған болатын.

Tennis Europe ұйымының 14 жасқа дейінгілер арасындағы жалпы рейтингісінде Заңғар Нұрланұлы бесінші орынға жайғасты.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Теги:
Рейтинг: 5
Реклама 21+