Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Қазақстандық теннисші елордадағы турнирдің финалына шықты

Читать полностью

Қазақстандық Бейбіт Жукаев елордада өтіп жатқан ITF M25 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүниежүзілік рейтингте 614 орында тұрған Ақтау теннис мектебінің түлегі Жукаев осы жарыстың 6-ракеткасы ретінде финалға дейін төрт кездесуін сәтті өткізді.

Бейбіт жартылай финалда әлемнің 638-інші, турнирдің 7-ракеткасы, сербиялық Хамад Медьедовичпен сынға түсті.

Екі партия да тартысты өрбіп, сет тағдыры тай-брейкте шешілді. Қазақстандық теннисші қарсыласынан 7:6 (7:2), 7:6 (7:3) есебімен басым түсті.

Жукаев финалда рейтингте 482-сатыдағы, осы доданың 3-ракеткасы, ресейлік Алибек Качмазовпен бас жүлдені сарапқа салады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Теги:
Рейтинг: 5
Реклама 21+