Аустрияның Инсбрук қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінің финалдық кезеңі өтті. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық Алина Дауранова жалпы есепте жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол 1500 метр қашықтыққа жүгіруден топ жарды. Алина 235 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды.
Ал екінші орынды Эвелин Вижн (Нидерланды, 180 ұпай) алса, үздік үштікті Джейд Гроенвуд (Нидерланды, 180 ұпай) түйіндеді.