Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Қазақстандық боксшы чемпиондық жекпе-жек өткізеді

Читать полностью

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәулет Дәукеновтың (8-1, 3 КО), келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

BoxRec.com мәліметі бойынша 27 жастағы боксшы рингке 13 ақпанда Киевтегі (Украина) бокс кешінде шығады. Оның қарсыласы - 21 жасар украиналық боксшы Александр Абрамян (4-1, 2 КО).

Қос боксшы бірінші жартылай орта салмақ бойынша WBC Continental чемпиондық белбеуін сарапқа салады. Кездесу он раундқа жоспарланған.

Дәукенов өзінің соңғы кездесуін өткен жылдың қазан айында Минскте өткізгіп, украиналық Назри Рахимовты (6-2, 3 КО) ұпай саны бойынша төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен ұтып бірінші жартылай орта салмақтағы WBA Asia East белбеуін иеленген болатын.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+