Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Қазақстандық балуан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Читать полностью

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Абылайхан Әмзеев Моңғолияда өтіп жатқан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Әмзеев финалдық кездесуде ирандық Мохаммад Реза Хойотолла Мохтаримен белдесіп, 1:4 есебімен есе жіберді.

Осыған дейін Мейіржан Шермаханбет 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын алса, Ернар Фидахметов (60) қола жүлдегер атанған еді.

Бүгін, 20 сәуір, тағы екі қазақстандық балуан өнер көрсетеді. Диас Кален (82 кг.) финалда ирандық Расул сад Гармсиримен белдеседі. Ал 97 келіге дейінгі салмақта Санжар Серікхан Такехито Цуругамен (Жапония) қола жүлдені сарапқа салады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+