Қазақстан жастар (U19) құрамасы футзалдан Еуропа чемпионатының төртінші іріктеу тобындағы екінші ойында Финляндиядан 7:1 есебімен ұтылды.
Финляндия U19 – Қазақстан U19 – 7:1 (6:0)
Голдар: Каиккола 7, 17, Бауыржанұлы 9 (автогол), Каивола 9, Ниемела 17, Пекки 19, Пааппанен 38 – Ким 28
Қазақстан U19: Андрей Голубничий, Вадим Булдин, Ерсұлтан Өтегенов, Руслан Үргенішбаев, Қанат Әуезов - Дінмұхаммед Ипмағамбетов, Нұржан Сарқыт, Ержан Кәрменов, Лев Ким, Ақтілек Бауыржанұлы, Алдияр Бадан, Алдияр Қазбеков.
Келесі матч 18 наурыз күні Босния және Герцеговина командасына қарсы өтеді.
Еске салайық, Семен Палагутин шәкірттері алғашқы ойында Польшадан 3:2 есебімен жеңілген болатын.