Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ӘЧ іріктеу турнирінің ширек финалына шықты

Читать полностью

Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионаты Азия/Тынық мұхит аймағы іріктеу турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық қыздар бүгін өз тобында Иран құрамасын 3:0 есебімен ұтты.

Әуелі Ева Корышева жарты сағат ішінде Фарда Алимиді тас-талқан етті – 6:0, 6:0.

Ариана Гогулина Ясаман Язданидан 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.

Жұптық сында Е.Корышева мен Сәтима Төреген қарсыластарын 6:1, 6:2 есебімен жеңді.

Осылайша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды.

Ертең Қазақстан Өзбекстан құрамасымен шеберлік байқасады. Ширек финал жеребесі 20 сәуір күні кешкісін тартылады. Іріктеу турнирінде үздік атанған үш команда әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Теги:
Рейтинг: 5
Реклама 21+