Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ӘЧ іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты

Читать полностью

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 14 жасқа дейінгілер арасында Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионаты Азия/Тынық мұхит аймағы іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық жасөспірімдер D тобында Индонезия құрамасын 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Алдымен Даниэль Тазабеков Кадер Баситхуды 6:2, 6:1 есебімен ұтты. Заңғар Нұрланұлы Лита Джабандуды 6:2, 6:0 есебімен жеңіп, Қазақстан құрамасына екінші ұпайды әперді. Сосын Заңғар Дамир Жалғасбаймен бірге жұптық сында да қарсыластарын қапы қалдырды.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мерзімінен бұрын іріктеу сайыстарының ширек финалына жолдама алды.

Ертең қазақстандықтар өз тобында Пәкстанмен ойнайды.

Ширек финал жеребесі 27 сәуір күні кешкісін тартылады.

Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне үздік төрт команда шығады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+