Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Қазақстан әйелдер құрамасы қатарынан 16-шы ресми ойында жеңіліс тапты

Читать полностью

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2023 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Словенияға есе жіберді.

Елордадағы «Астана Аренада» өткен ойын 0:2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Осылайша Қазақстан қатарынан 16-шы ресми ойында жеңіліс тапты. Соңғы рет 2018 жылы Босния және Герцеговина құрамасын жеңген (0:2) еді.

ӘЧ-2023. Іріктеу кезеңі. І тобы

Қазақстан W — Словения W 0:2 (0:2)

Голдар: Прашникар (6), Эрман (26)

Қазақстан W: Исмаилова (Қ), Бурова, Мясникова (К), Айтымова, Нұрышева, Қожахмет (Демидова, 64), Тұрлыбекова (Қаражанова, 46), Жұмабайқызы (Козиева, 69), Власова, Сатығалиева (Садықова, 77), Бортникова (Орынбасарова, 46).

Қазақстандық арурлар келесі кездесуін 12 сәуір күні елордада Уэльске қарсы өткізеді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Теги:
Рейтинг: 5
Реклама 21+