Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Қазақстан U-17 құрамасы «Развития» кубогына қатыспайды

Читать полностью

Минск қаласында өтетін «Развития» кубогына Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қатыса алмайтын болды. Себебі, футболшылардың басым көпшілігінің ПТР тест нәтижелері оң болып шықты. «Қызыл статус» алған футболшылар саны көп болғандықтан, құрама команда шет мемлекетке шыға алмайды. Александр Кузнецов баптайтын ұжым апта бұрын Нұр-Сұлтан қаласына келіп, оқу-жаттығу жиынын жүргізіп жатқан еді.

«Біз Минсктегі жарысқа қатысқымыз келіп еді. Тіпті, билет те алып қойғанбыз. Алайда, коронавирус өз дегенін істеді. Футболшыларымыз күн сайын тест тапсырса да, көбісінің нәтижесі оң болып шықты. Десе де, біздің Нұр-сұлтан қаласындағы жаттығу жиынымыз толығымен жүзеге асты деп айта аламыз. Ең алдымен біз шақыртылған ойыншылардың деңгейімен таныстық. Тек соңғы 2 күн бойы вирус жұқтырған ойыншыларды жаттығуда байқай алмадық» дейді бапкер Александр Кузнецов.

Айта кетейік, 6-13 ақпан күндері өтетін «Развития» кубогына вирустың кесірінен Әзербайжан құрама командасы да қатыспайтынын мәлімдеген еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+