Қазақстанның клубтық футболының жаңа маусымы қашан басталатыны белгілі болды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет телеграм-арнасында хабарлады.
Ресми түрде Қазақстанның футболы 24 ақпан күні демалыстан шығады. Дәл осы күні Қазақстан Суперкубогініғ жартылай финалы өтеді. «Тобыл», «Астана», «Қайрат» және «Қызылжар» командалары кубокты өзара сарапқа салады. Финал мен 3-ші орын үшін матч 27 ақпанда өтеді. Өткен Қазақстан Суперкубогі «Түркістан Аренада» болса, осы жолы «Астана Аренада» ойнатылады.
Ал жүлде қоры бұрынғы деңгейде қалады — 45 миллион теңге. Оның 25-і жеңімпазға, 15-і екінші орынға, 5-і үшінші орын иегеріне беріледі.
Биылғы жылдың жаңалығы — матчтарда VAR жүйесі қолданылады.