Қазақстар ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Нұралы Әліп «Зенитке» ауысты, деп хабарлайды қос команданың баспасөз қызметі.
«Зенит» Әліпті 2022 жылдың соңына дейін сатып алу құқығымен жалға алды.
Нұралы – алматылық клубтың түлегі. Оңтүстік астаналық ұжым сапында 99 ойын өткізіп, бес мәрте мергендігімен көзге түсіп, төрт нәтижелі пас берді. Сонымер қатар Қазақстан ұлттық құрамасының жейдесінде 12 матчқа қатысқан.