Бүгін, 12 қаңтар күні АҚШ-тың Дир-Вэлли аймағында фристайл-акробатикадан әлем кубогінің кезекті кезеңі басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан құрамасынан аталған додаға бес спортшы қатысады.
Әйелдер арасында Жанбота Алдабергенова, Аяна Жолдас және Ақмаржан Қалмұрзаева бақ сынайды. Ал ерлер арасында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов жарыс жолына шығатын болады.
Айта кетерлігі, аталған әлем кубогінің кезеңі 14 қаңтарға дейін созылады.