Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы кезекті жолдастық кездесуін өткізді.
«Тобыл» украиналық «Александрия» командасымен кездесіп, 0:0 есебімен тең тарқасты.
«Тобылдың» негізгі құрамы: Мокин, Қайыров, Томашевич, Малый, Марочкин, Васильев, Йованчич, Тағыберген, Мужиков, Жұмашев, Жақсылықов.
Қостанайлықтар келесі матчын 13 ақпан күні ресейлік «Нижний Новгород» командасына қарсы өткізеді.