«Аят» мини-футбол клубында бас бапкер ауысты.
Жаңа бапкер Дос Сантос Антонио Вагнер, тәжірибелі бразилиялық маманның лақап аты «Кабеса». Ол Александр Коколов орнынан кеткен соң клуб тізгінін уақытша ұстаған Василий Смолинді ауыстырды. Баяғы бапкерлік құрам сол күйі клубтағы жұмыстарын жалғастыра бермек.
Кабеса өз отанында балалар жаттықтырушысы ретінде танылған. Көптеген жастармен жұмыс жасаған. Ересектер командасын да жаттықтыру бойынша тәжірибесі бар. Алдағы уақытта Рудный қаласының жас дарындарын шыңдап, жұлдызын жағу үшін бас бапкер аянбай еңбек ететіні анық.