Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Australian Open-2021. 10 ақпан кортқа шығатын қазақстандықтар мен қарсыластары жайында

Читать полностью

Ертең, яғни 10 ақпан күні Australian Open-2021 додасының екінші айналымында Қазақстан намысын кімдер қорғайды? Отандастарымыздың қарсыластары кімдер? Осы және басқа да сұрақтарға Meta-ratings.kz тілшісі азды-кем жауап береді.

«Үлкен дулыға» турнирлерінің санатына жататын бұл додаға Қазақстан атынан алты теннисші қатысып, соның төртеуі екінші айналымға жолдама алды. Өкінішке орай, Михаил Кукушкин мен Ярослава Шведова бірінші айналымнан ары аса алмады.

Дегенмен Михаил жұптық сындағы сайыстарға қатысады. Ертең қазақстандықтардан ең алғаш болып кортқа шығатын да осы Михаил. Литвалық Ричардас Беранкиспен жұп құрап, финляндиялық Хенри Континен мен франциялық Эдуар Роже-Васслен жұбына қарсы бақ сынайды. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 06:00-ге жоспарланған.

Одан кейін «Мельбурн Парктің» кортына қазақстандық Зарияна Дияс (83) пен америкалық Бернарда Пера (66) шығады. Бұл олардың алғашқы текетіресі емес, 2020 қыркүйегінде US Open-нің алғашқы айналымында кездесіп, отандасымыз 2:0 есебімен есе жіберген еді. Ертеңгі ойын Зарина үшін есе қайтаруға үлкен мүмкіндік болмақ. Бірақ Пераның бірінші айналымда Анжелика Керберді оп-оңай (2:0 (6:0,6:4) жеңгенін ескерсек, Диясқа оңай болмасы даусыз. Бұл текетірес 07:30-ға белгіленген.

Келесі болып Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (45) сербиялық Душан Лайовичпен (27) кім мықтыны анықтайды. Душанның алғашқы айналымда украиналық ақсақал Стаховскийді әупірімдеп (3:2) жеңгенін және маусымдағы сәтсіз ойын өрнегін ескерсек, 1/16 финалға өтуге басты үміткер болып Бублик саналады. Отандасымыз соңғы сегіз кездесудің алтауында жеңіске жетсе, Лайовичтің тек бір ойында асығы алшысынан түскен.

Қазақстандықтар сапынан ойын күнін еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (21) аяқтайды. Ол франциялық Фиона Ферромен (46) күш сынасады. Ферро алғашқы турда чехиялық Катерина Синяковадан (62) басым (2:1) түссе, Елена ресейлік Вера Звонареваны (121) жарыс жолынан шығарған (2:1) еді. Осыған дейін 2020 жылы теннисшілер екі мәрте кездескен. Санкт-Петербургтегі жарыста Рыбакина жеңіс тойын тойласа (0:2), Франция ашық чемпионатында Фиона отандасымызды тізе бүктірген (2:1). Қағаз жүзінде отандасымыз фаворит болғанмен, Ферроның 2020 жылғы көрсеткіштеріне көз жүгіртсек, франциялық теннисші оңай шағылар жаңғақтың қатарынан емес. Қос теннисшінің өзара үшінші ойыны Нұр-Сұлтан уақытымен 09:30-ға жоспарланған.

Ал Юлия Путинцева бейсенбі, яғни 11 ақпан күні келесі айналымның жолдамасына таласады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+