Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы үш бірдей жаңа ойыншымен толықты, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.
«Тобыл» өткен маусымды «Астанада» өткізген қақпашы Дмитрий Непогодов пен черногориялық қорғаушы Жарко Томашевичті қатар қосты. Сонымен қатар талдықорғандық «Жетісудың» негізгі ойыншыларының бірі болған Айбар Жақсылықовпен толықты.
Жақсылықов ҚПЛ-де 56 ойын өткізіп, 15 гол соғып, үш нәтижелі пас берсе, Томашевич 33 матчта екі мәрте мергендігімен көзге түсіп, бір голдық пастың авторы атанған.