Рунет выбирает
77
79
75
76
80

«Астана» әлем чемпионы атанған ойыншымен толықты

Читать полностью

Елордалық «Астана» футбол клубы украиналық Даниил Бескоровайный жалға алды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

«Астана» Бескоровайныйды «ДАК 1904» клубынан сатып алу құқығымен маусым соңына дейін жалға алды.

Бескоровайный – Украина футболының түлегі. Өз елінде «Луцк», «Волынь» және «Ковель-Волынь» сынды бірқатар командаларда өнер көрсеткен.

Даниилдің соңғы командасы — словакиялық «ДАК 1904» клубы. Бұл командада 62 ойын өткізіп, төрт гол салған. 2019 жылы Украина U20 құрамасымен жастар арасындағы Әлем чемпионатында топ жарды. Сондай-ақ Украинаның халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып саналады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+