Армения ұлттық құрамасының ойыншысы Соломон Удо Қазақстан Премьер-лигасынан команда таба алмады.
26 жасар футболшы «Ақтөбенің» қаралымынан өте алмағаннан кейін «Арарат-Армения» командасының сапына қосылды. Бұл туралы армениялық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Соломон осыған дейін Қазақстанда қарағаныдылық «Шахтер» мен «Атырау» сапында өнер көрсеткен еді.
Жалпы ҚПЛ-де 21 ойынға қатысып, бір нәтижелі пастың авторы атанды.