«Ақтөбе» ШФК ойыншысы Нұрбек Қарағұлов Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Добовец» клубына қарсы ойынның алдында өз пікірін білдірді:
«Бұл ойын Ақтөбе футзалы үшін тарихи кездесу болғалы тұр. Біз Грекиядағы жеңістен соң бар ойымызды осы матчқа арнадық. Әр матчқа тыңғылықты дайындық жүруде. Бапкердің айтқанын орындауға тырысамыз. Алдағы кездесу біз үшін емтихан болмақ. Қазақ елі үшін, Ақтөбе үшін барымызды паркетте көрсетуге тырысамыз. Намысты қолдан бермейміз. Өкінішке орай, Қоныста ойнаудың реті келмей тұр, дегенмен Алматыда ойнасақ та, «13-сектордың» және барша жанкүйерлердің ыстық қолдауын сезінеміз. Сол қолдау жеңіске деген жігерді еселейді. Барша жанкүйерлерді 18 ақпанда «Qazsport» арнасынан қолдауға шақырамын» , – деді Нұрбек клубтың баспасөз қызметіне.
Естеріңізге сала кетсек, 18 ақпан күні Алматы қаласындағы «Нұр-Аман« спорт кешенінде футзалдан »Ақтөбе» командасы УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалында словениялық «Добовец» клубымен кездеседі. Ойынды тікелей эфирде «Қазспорт» телеарнасынан көре аласыздар.