Қарағандылық «Шахтер» клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында алғашқы жолдастық кездесуін өткізді.
Әли Әлиевтің шәкірттері ресейлік «Нефтехимик» командасын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Қарағандылықтар сапынан Егор Алишаускас пен қаралымдағы ойыншы көзге түсті.
Клубтың су жаңа ойыншылары қақпашы Игор Щацкий мен қорғаушы Михаил Габышев ойынды негізгі құрамда бастап, Шацкий екінші таймда алаңдағы орнын босатса, Габышев матчқа толыққанды қатысты.